Брендтің тарихы

 

Тәттілер мен пісірілген нан өнімдерінің нарығында «Дегирмен» 1986 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, дәл осы жылы осы брендтің бірінші дүкені Түркия мемлекетінің Измир қаласында ашылды. 2010 жылдан бастап Алматы қаласында өзіндік кондитерлік фабрика жұмыс істейді де, өз клиенттері мен серіктестерін табиғи ингредиенттерден жасалған мінсіз сапалы тәтті өнімдермен қамтамасыз етіп келеді.

Бүгіндегі Degirmen

25астам бөлімшелер

Алматы, Астана, Талдықорған және тағы да басқа қалалардағы
20000астам

адам күн сайын Degirmen кафелер желісінің өнімдерін тұтынады
500астам

өнім - ең тәтті сүт, нан, кондитерлік және ет өнімдері
2200астам ш. м. фабрика

ең жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған

Өндіріс

 

Компанияның өзіндік азық-түліктік фабрикасы Алматы қаласында 2010 жылдан бастап, 2200 шаршы метр ауданында орналасқан, түрік және еуропалық жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Әрбір біздің клиент дәмді, әрі тәтті өнімдерімізге қол жеткізе алуы үшін 200  астам тәжірибелі шеберлер, оның ішінде 15 арнайы Түркиядан шақыртылған кәсіпқойлар күнделікті еңбек етуде.


 

 

Біз барлық сүт, нан, кондитерлік және ет өнімдеріміздің сапасына ерекше назар аударамыз. Сондықтан өндіріске түрлі тексерістердің кешенінен өткен шикізаттар ғана қатысады. Тағамдарды алғашқы дайындау үрдісі фабрикада асырылады, кафеде мұндай өндіріс іске асырылмайды. Мұндай өндірістік үрдістер мен брендті басқару жұмыстарын бөлу әдіс-тәсілі барлық стандарттар мен ережелерді қатаң ұстануға мүмкіндік береді.  

Серіктестер

 

Фабрика тек «Дегирмен» желісі үшін ғана емес, басқа да шеткі компаниялар үшін де өнімдерді жасап шығарады. Біздің компанияның тұрақты сеірктестерінің арасында HoReCa  индустриясының танымал өкілдерін атауға болады.

 

Фабрика тек «Дегирмен» желісі үшін ғана емес, басқа да шеткі компаниялар үшін де өнімдерді жасап шығарады. Біздің компанияның тұрақты сеірктестерінің арасында HoReCa  индустриясының танымал өкілдерін атауға болады.

Кейтеринг

 

 

«Degirmen»-нен кейтеринг – бұл кез келген салтанатты іс-шараны жоғары деңгейде өткізу мүмкіндігі. Сіз шақырған қонақтарыңызды күту бойынша барлық іс-шараларды өзімізге аламыз да, сіз өздігімен үстел жасау мен тағамдарды дайындау іс-әрекеттерінен құтыласыз. Өткізілетін іс-шараның нысаны да, мәзірі де кез келген болуы мүмкін, мәзірді өткізілетін мерекенің концепциясын ескере отырып, біздің негізгі картаның көмегімен құрастыратын боламыз.

Франшиза

 

«Degirmen» бренді франшизаның негізінде жаңа сату алаңдарын ашу үшін жаңа серіктестерді шақырады. Тез тамақтану түріндегі «Дегирмен» кафелер желісінің көп алаңдары Алматы қаласында жұмыс істейді. Мұнда тағамдар «ашық асүй» түрінде дайындалады, шикізаттарды франшизаның иелері ұсынады да, өнімнің сапасын, өндіріс үрдістерін дәне қызмет көрсету деңгейін бақылап отырады.

Ең тиімді шарттардың негізінде сіз тағамдарды дайындау және күту жүйесі бар танымал брендті алатын боласыз. Біздің мамандар жабдықтардың, интерьер үшін жиһаздардың қажетті кешенін және жұмыс істеу мен қонақтарды күту үшін қажетті алаңның көлемін есептеп шығады. Нақты мекеменің мәзірі көптеген факторларға байланысты, ең алдымен – аймаққа, оның тағамдық дәстүрлеріне, жергілікті өндірістің балғын шикізаттарының болуына байланысты. Бірақ, бір нәрсе өзгеріссіз қалады – біздің әр тағам ерекше дәміне ие болады және қонақтарыңызды қуантады.

Франшиза бойынша серіктестерімізге көмектесіп отырамыз, жұмыс үрдісінің әр сатысында қолдау көрсетеміз, мәзірдің жаңа нұсқасын ұсынамыз, қызметкерлерді таңдаймыз, оқытамыз және аттестациядан өткіземіз, ынтымақтастықтың барлық кезеңінде ақпараттық қолдау көрсетеміз.

Сертификаттар

 

«Degirmen» желісінің біздің барлық мекемелеріміз, сонымен қатар оның өндірістік фабрикасы «Халал» стандарты бойынша жұмыс істейді және «Халал» лицензиясына ие.

error: Содержимое защищено